Атырауда «Алтын домбыра» халықаралық күйшілер байқауы өтті

Рейтинг: 0 / 5

Композитор, ҚР халық әртісі Әзидолла Есқалиев атындағы байқауға Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Қарақалпақстан елдерінен 19 күйші қатысты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Байқаудың басты мақсаты – домбыра аспабын кеңінен насихаттап, қазақтың ұлттық өнерін дамыту және жаңадан шығып келе жатқан талантты орындаушыларды анықтау. Шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Жұмабай Қарағаев қатысып, аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың атынан құттықтау хатын оқыды.

9b8e0b4e-0c61-43fc-af47-77c7d17c33be

Сондай-ақ, БҚО-дан келген Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияның әртісі Жарас Сатыбалдиевке байқаудың бас жүлдесін табыстады.

866f3e5e-a8bd-4657-ae25-52131f18c1f9

Байқау 2 кезең бойынша өтіп, бірінші кезеңде 11 үміткер іріктеліп алынды. І орынды - Индер аудандық мәдениет үйінің директоры иеленсе; ІІ орынды - Алматы қ., Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы Динара Нұрбаева мен РФ Астрахан облысы мемлекеттік автономиялық мәдени мекемесінің Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығының әртісі Ильнур Утепкалиев бөлісті; ІІІ орынды – Алматы қ. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Назерке Балтабаева мен Тоғжан Кыдырсихова және Талдықорған қ. «Сазген» фальклорлы-этнографиялық ансамблінің домбырашысы Ботагөз Дүнгенбаева қанжығасына байлады.

b46f3f2e-f9d5-456c-886d-6fed6e550ed9

Сонымен қатар, байқаудың арнайы жүлдесіне «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжінің студенті Ерқанат Қадыр лайық деп танылды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика