Азғыр өңірінің 8 мыңдай тұрғыны интернетке қол жеткізеді

(0 Votes)

Құрманғазы ауданының Азғыр өңірінің 8 мыңдай тұрғыны жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізеді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінгі күні облыстың шалғай елді-мекендерін дамытуға ерекше маңыз берілуде. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді.

Қазіргі уақытта, Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта орналасқан Азғыр ауылына жалпы ұзындығы 377 шақырымды құрайтын газ құбыры тартылды. Сонымен бірге, шекара маңына жақын орналасқан кейбір елді-мекендер электрқуатын Ресейден алып отыруы себепті, жаңа электр желілерін жүргізудің жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Жақын арада интернет желісі жүргізілетін болады.

Цифрландыру енгізілуінің арқасында 10 елді-мекендегі өмір деңгейі айтарлықтай жоғарылап, ал әлеуметтік қызметтерге қолжетімділік арта түспек. Атырау жергілікті желілер техникалық торабының директоры Нұрлан Мақұловтың айтуынша, қазіргі уақытта аталған бағытта 160 шақырым оптикалық-талшықты кабель тартылды.

- Оптикалық-талшықты желі Батыс Қазақстан облысының Бөкей орда ауданынан тартылып жатыр. Оның жалпы ұзындығы 185 шақырым. Интернетке қолжетімділік жылдамдығы секундына 8 мегабитке дейін жететін болады. Жыл соңына дейін интернетпен 5 елді-мекен толықтай қамтылады. Бұл орайда, жалпы жұмыс ауқымы екі кезеңге бөлінгенін атап өту керек. Жоба толықтай 2020 жылдың наурыз айында аяқталады, - деді Нұрлан Мақұлов.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT