Құрманғазы ауданында жүк көлігі "Газельге" соғылды

(0 Votes)

 Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша ЖКО 24 тамыз күні күндіз Құрманғазы ауданында Атырау-Астрахань автожолының айналма жолында орын алған.

Аудан орталығына жақын жердегі жанармай бекеті жанында "Shacman” және "Газель" маркалы автокөліктер соқтығысқан.

ЖКО нәтижесінде "Газелдің" 44 жасар жүргізушісі ауруханаға түсті. ҚР ҚК-нің 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде.

Әзірге белгілі болғаны жүк көлігінің 1991 жылы туылған жүргізушісі басқару жүйесіне ие бола алмай қалған.

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT