banner_damu

Атырау облысында «Арыс, біз біргеміз» акциясы аясында гуманитарлық көмек жиналды

Рейтинг: 0 / 5

Атырауда 20 тонна гуманитарлық жүк жиналды. Оның ішіне азық-түліктер, жеке гигиена құралдары және бірінші кезекте қажетті заттар кіреді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Дина» сауда орталығы директорының айтуынша, мұнайлы өңірден алғашқы гуманитарлық жүк бүгін, яғни 25 маусым күні аттанады.

d

Көмекке сауда орталығынан жалға алып отырған 100-ден астам кәсіпкер қатысты. - Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев Арыс қаласындағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерді қолдауға және тұрғындарға көмек көрсетуге шақырды. Біз "Арыс, біз біргеміз" атты жалпы қазақстандық акцияға қатысуға шешім қабылдадық. Осының арқасында 20 тонна қажетті жүк жиналды. Қазір біз барлық жүктерді тиеп жатырмыз. Жақын арада гуманитарлық көмек жөнелтілетін болады. Бұдан бөлек, БАҚ жариялаған банк шоттарына қаражаттарын аударуда,- дейді «Дина» сауда орталығының директоры Нұрлан Тәуекел.


cАйта кетейік, 24 маусым күні таңертең Арыс қаласында әскери бөлімнің қоймасында жарылыс орын алған болатын. Қоймаларының бірінде өрт басталып, артынша жарылысқа ұласқан. Барлық тұрғындар эвакуацияланып, жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика