Атырау облысы Мақат ауданының әкімі тағайындалды

Рейтинг: 0 / 5

Бүгін, 16 қыркүйекте өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Мақат ауданының депутаттарына басқа жұмысқа ауысып кеткен Жұмабай Қарағаевтың орнына жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа кандидат Шәкір Кейкин бұған дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасаған.

Өңір басшысы Ш.Кейкиннің үлкен еңбек өтілін атап өтіп, оның кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілгенін айтты.

56d73d49-335c-46b0-bbeb-959c3e44c476

Депутаттар жаңа әкімнің кандидатурасын қолдап, оны жақсы басқарушы ретінде білетіндерін атап өтті. Шәкір Кейкин Қазақ политехникалық институтын бітірген. 1993-2008 жылдар аралығында Жылыой ауданының түрлі коммерциялық құрылымдарында басшылық лауазымдарда қызмет істеді. 2008 жылы Жылыой ауданының Қосшағыл ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. 2009-2018 жылдары Құлсары қаласының әкімі болды. 2018 жылдың қазан айынан 2019 жылдың ақпан айына дейін Атырау қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарды. 2019 жылдың ақпан айынан бастап Атырау қаласы әкімінің орынбасары.

Актив жиналысында жаңа әкімді таныстырған өңір басшысы Ш.Кейкинге Мақат ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика