Атырау халықаралық әуежайына жерлесіміз Хиуаз Доспанованың есімі берілді

Рейтинг: 0 / 5

Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Атырау халықаралық әуежайына аты аңызға айналған ұшқыш, Қазақстанның халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың есімі берілді, – деп жазды ҚазАқпарат.

«Алты министрліктен рұқсат алдық. Әуежайға қазақтың батыр қызы Хиуаз Доспанованың есімін беру үшін республикалық ономастикалық комиссия ресми шешім қабылдады», – деп мәлімдеді облыстық тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің басшысы Жеміс Дияшева.

Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы 15 мамырда Атырау облысында дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, ұшқыш, штурман-атқыш, Халық қаһарманы.

1940 жылы Оралдағы №1 орта мектебін үздік бітірген. Ұшқыштық өмір жолын Орал аэроклубында бастап, кейін соғысқа аттанады. Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған.

Хиуаз қызмет еткен полк Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина, Беларусь, Польша, Германия аспанындағы шайқастарға қатысқан. Қазақ қызы қан майданда 300-ден аса жауынгерлік операция орындап, аса маңызды жау шебін талқандайды.

2008 жылы 21 мамырда Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.

turkystan.kz

 

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика