«Атырау – Астрахан» тас жолы осы айда басталады

(0 Votes)

«Атырау – Астрахан» аралығындағы көптен әңгіме болып жүрген, бүкіл атыраулықтар асыға күткен, жыры жеткен жол таяу күндерде басталмақшы.

Атыраудан Астраханға дейінгі тас қабатты жолдың жаңа құрылысына қатысты мәселе Үкімет отырысында қаралған. Бұдан соң Қаржы министрлігінің, Инвестиция және даму министрлігінің, жолшылардың өкілдері қатысуымен шұғыл кеңес өткізілген. Нәтижесінде «Қазақавтожол» арқылы конкурс ұйымдастыру шешімі қабылданды. Республикалық бюджеттен жолдың 60 шақырым бірінші бөлігіне қаржы бөлінді. Тамыз айының аяғында тендер өткізілді. Екі мердігер компания анықталды. «Қазір дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ал, жол құрылысы осы айдың аяғында басталады» деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов. Бірінші учаске Котяев – Афанасьево (8 разъезд) бекеті болып белгіленді. Қазіргі мәліметтерге сүйеніп, дәлірек айтсақ , 24 қыркүйекте жаңа жолды төсеу басталып-ақ кетеді. Естеріңізге салып өтсек, Атырау-Астрахан күре жолының жалпы ұзындығы 272 шақырым, 30 жылдан бері жөндеу көрмеген.

Виктор Сутягин (Прикаспийская коммуна)

11.09.2018 №73

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21