Ата-дәстүрді аяққа бастырмаған Фариза апай

(0 Votes)

Әлемдегі әр ұлттың осылайша өзіне тән әдет-ғұрпы, салты, түрлі жоралғылары бар.

Осы орайда өзіміздің қазаққа келсек, таңғаларлық жай бізде де жетеді. Соның бірі – құрметті қонақтың алдына қойдың басын қоюымыз. Осы жайтқа байланысты түсінбестіктен туған өрескел әрекетті халқымыздың аяулы ақын қызы Фариза Оңғарсынова былайша жеткізген екен: «1975 жыл. Мәскеудің Жазушылар одағынан үйге телефон соғылды: Герман Демократиялық Республикасынан бір аудармашы Мәскеуге келді. Сіздерге, Алматыға, бара жатыр. Сіздің шығармаларыңызды неміс тіліне аударуға өздерінің бір баспасы тапсырған көрінеді. Өлеңдеріңіздің орыс тілінде жолма-жол аударған нұсқасын дайындап қойыңыз, - деді.

Екі-үш күн өткесін әлгі әйелдің жанына Мәскеуден ерген аудармашысы «Жетісу» қонақ үйінен телефон соғып, қай жерде кездесуге болады деген өтініштерін білдірді. Ертең үйге келіңіздер-деп мекенжайды айттым. Базардан жаңа сойылған бас, ішек-қарынымен сатып алып, жанымыз қалмай әзірлендік. Неміс әйелі жастау, Мәскеу денергені – жасамыс. Қазы-қарта, шөп-шалам, қуырдақ жеп, коньяк ішіп, әңгіме соғып отырысты. Қазақтың ең негізгі асы – етті әкелдім де, қойдың басын еуропалық әйелге ұсынып, халқымыздың дәстүрін түсіндіргенім сол еді – екі әйел бір-бірімен немісше күңкілдесті де, әйда келіп күлсін! Өздерін тоқтата алмай, сықылықтап қояр емес. Мәскеулік әйел менің түсімнен ішкі дауылымды сезсе керек: Қонақ кешірімс ұрайды, тәрелкедегі бастык өргенде, көгалда жайылып жүрген қой елестепк етті деп отыр, - деді де, әлі күлкісін баса алмай отырған неміс әйеліне қарап, өзі тағы қосыла күлді. Бір табақ етті дастарханға қойғаным сол – ешкім әлі ауыз тимеген болатын. Мен күлкілерін тыйғанша күтіп тұрдым да, сәл бәсеңдей бергенде: Сіздер менің халқымның дәстүрін күлкі етіп отырсыздар, ал мен мұны кешіре алмаймын. Менің өлеңдерім неміс тілінде шықпай-ақ қойсын. Ал, сіздер есігімді сыртынан жабыңыздар! – дедім түсімді суытып.

Менің өлеңдерімнің неміс тіліне аударылуы осылай аяқталды. Басқа бір ұлттың тіліне өлеңдерім аударылады екен деп, халқымның атам заманғы дәстүріне түкіртіп қояр жайым жоқ». Бұл мысал көрсеткендей, ата дәстүрді аяққа басқандарға қарсы Фариза апаша тойтарыс бере білу үлкен жүректілікті, қайсарлықты талап етеді.

«Халқым қандай десең, салтымнан сұрап біл» демекші, салт-дәстүрлерден халықтың мінез-құлқы, үлгі-өнегесі, даналығы, шешендігі, танымдық көзқарастары айқындала түсетінін Фариза апамыз дәлелдегендей болды.

 Дереккөздер бойынша дайындаған: А.ШАКУПОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521