Асылдың сынығындай ақсақал (+ВИДЕО)

(0 Votes)

Ауылыңда қарт болса, жазып қойған хатпен тең. Ақыл-өсиетімен аймақтың арқасүйер ақылшысына айналып отырған қариялардың қатары азайып келе жатқаны көңіл қынжытарлықтай. Барымызды бағалап, көзі тірісінде құрмет-сыйымызды аямасақ қандай ғажап!

Екі ғасырдың куәсі болып, елдің еңсесі тіктелуіне адал еңбегін сіңірген, күні бүгінде жасы тоқсанға таяған Мәдениет Харесов атамыз - көненің көзі, асылдың сынығындай аузы дуалы ақсақал.

Кейіпкеріміз қажырлы қарекетінің арқасында көптеген марапатты иеленген. Аймақтық батагөйлер байқауынан жүлделі орын алған. Ауданымыздың төл басылымының штаттан тыс тілшісі болып, мәні зор мақалаларымен оқырмандарды жиі қуантып тұрады.

Талай жыл бір шаңырақ астында татулықпен өмір сүрген жары Алтын Шотбасова да бір әулеттің ғана емес, ауылдың ардақтысы атанған абыз-ана. 40 жыл ауданның сауда кәсібінің дамуына елеулі үлес қосқан қайратты жан. Азаматымен бірге ұл-қызын адамгершілікке баулып, қанаттандырған алтын алқа иегері. Жыр алыбы Жұмекен Нәжімеденов, күй шебері Бақыт Қарабалинамен бірге оқығанын шежіре қылып шерткенде, еріксіз ұйып тыңдайсыз.

Әр үйдің төрінен орын сайлаған Мәдениет атамыз қосағымен ұрпақтарының алақанында бақытты қарттық кешуде. «Тәуелсіздіктің арқасында өшкеніміз жанып, үзілгеніміз жалғанды» - деп толғана сөйлеген данагөй ақсақал өскелең буынның осы еркін күннің қадірін біліп, Отанға талмай қызмет қылғандарын қалайды. Басқан ізі адастырмас бағдар іспетті батыр қариямыздың көрер тойының көп болуын тілейміз!

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521