Асхат Аймағамбетов оқшауланды

(0 Votes)

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирус бойынша тест өткізді. Қазір министр оқшауланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім және ғылым министрі COVID-19 бойынша тесттен өтті. Одан КВИ анықталған жоқ. Асхат Қанатұлының жағдайы жақсы. Әйтсе де бекітілген регламентке сәйкес ол оқшауланып, қашықтан жұмыс істейтін болады», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Жуық арада министр қайтадан анализден өтеді. БҒМ баспасөз қызметі министрдің бекітілген регламент бойынша тесттен өтетінін хабарлайды. Себебі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік органдардың өзге өкілдерімен, оның ішінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен жұмыс барысында жақын қашықтықта болған.

Еске сала кетсек, кеше Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасында коронавирус жұқтырғанын хабарлаған еді.

Сонымен бірге, 12 маусымда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып қайтты, онда Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов та болған еді. Осыған байланысты Үкімет басшысы да оқшаулануға мәжбүр болып отыр.

inform.kz

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21