Қашықтан оқу басталды

(0 Votes)

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барлық орта білім беру ұйымдары IV оқу тоқсанын қашықтан оқуға көшті.

Бейнесабақтар қазақ және орыс тілдерінде дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден бастап 17:00-ге дейін 1-11 сынып оқу пәндері бойынша Balapan және Ел арна телеарналарынан көрсетілуде.Оқытудың жаңа форматы 4 тетік бойынша жүзеге асуда. Яғни, теледидардағы бейнесабақтардан бөлек, қазақ радиосы, пошта, интернет жүйесі арқылы жүргізілуде.

Мәселен, Balapan телеарнасын балалар енді мультфильм көру үшін емес, білім алу үшін қосады. Оқушылар үшін бұрынғыша 45 минут емес, 10 минут ішінде телесабақ өте шығады. Тағы бір ерекшелігі мұғалім жаңа сабақты қайталамайды. Сондықтан, барынша мұқият болған абзал. Теледидардағы онлайн сабақты баланың түсінгені сынып жетекші үшін маңызды. Өйткені, үй тапсырмасын тексеретін өздері. Оны Whatsap желісі арқылы мұғалім әр оқушыға жібереді, ал бала орындап болған соң, кері байланысқа шығады. Бұл жерде ата-ана балаға жаңа форматтағы оқу материалын игеруге көмек беріп, мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстың орнауына тынымсыз ықпал етуі тиіс.

Жаңа білім жүйесінің әдіс амалы мен қағидаларын оқушылар қаншалықты меңгереді деген сұрақ алаңдатады. Дегенмен, халықтың қалауы бір ғана нәрсе - ол сапалы білім. Алайда, бұған әлі ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан, нәтижесін уақыттың еншісіне қалдырайық.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521