Асандағы 10 отбасына азық-түлік үлестірілді

(0 Votes)

Асан ауылдық округіне ат басын тіреген жүк көлігі осы жерде 10 отбасына арналған тегін астық, рожки, вермишель, күріш, құмшекер, күнбағыс майы, пияз, картоп және басқа азық-түліктермен бірге 400 келі сазан (18 қап) түсірілді.

Олар сол арада тиісті адамдарға таратылды.Жасалып жатқан көмекке тұрғындар дән риза екендерін жүздерінен байқадық.

img_1434

Округ тұрғыны,көп балалы ана Айсұлу Нұғыпарова: – Үштаған елді мекенінде тұрамын. Елімізде болып жатқан келеңсіз жағдайларға байланысты аудан әкімдігі мен облыстық мәслихат депутаттары тарапынан бізге қолдау жасалып, жолдың қиындығына қарамастан ортамызға келіп жатқандары үшін ризамыз. Аз қамтылған отбасылары атынан мың да бір рахмет!Жақсылықтары Алладан қайтсын. Көп болып көтерген жүк жеңіл, ешкімнің қабырғасы қайыспайды. Мемлекет басшысының, облыс, аудан әкімдерінің қиын сәтте індетпен бетпе-бет жалғыз қалдырмай, мына сынақтан аман-есен құтылуымыз үшін жасап жатқан барлық шараларына түсіністікпен қараймын. Аудан тұрғындары мен ауылдастарымды оған қолдау білдіруге шақырамын, -деді.

Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521