Асан ауылдық округінің әкімі тағайындалды

(0 Votes)
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына сәйкес 2025 жылдың 13 шілдесінде өкілеттік мерзімі аяқталған ауылдық округ әкімдерін сайлау өтті.
 
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 15 шілдедегі №22 шешімі негізінде, менің өкіміммен 2025 жылғы 16 шілдеден бастап, Мурзагалиев Мақсат Саламатұлы Асан ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
 
Мурзагалиев Мақсат Саламатұлы Асан ауылы Құрманғазы ауданы Атырау облысында 1989 жылы 18 мамырда дүниеге келді. Ұлты қазақ. Білімі–жоғары.
 
2006 – 2011 жылдары Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетін «маркетинг» мамандығы бойынша бітірген. Асан ауылдық округінің тұрғыны.
 
2014-2021 жылдары Асан ауылдық округ әкімі аппаратын бас маман болып жасаған.
 
2021 жылдан бері Асан ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT