Арзан ет бағаны түсіруге жәрдемдеседі

(0 Votes)

«Еңбекші ет кешені СДО» ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы Бержан Кенжебаевтың айтуынша мұнда 30 адам жұмыспен қамтылған.

Кешенде етпен қоса тефтели, котлет, пельмендер, манты, қуырдақ, қазы-қарта және басқа да ет өнімдері дайындалады.

img_9709

– Аудан көлемінде сом еттерді ғана 1800, басқасын 1650 теңгемен сатып келеміз. Бұл жаңа жылдан бастап 100 теңгеге қымбатсығаны. Бұған дейін 1550 теңгемен ұстадық. Малды бұрын 1300-1400 теңгемен алғанбыз, қазіргі бағасы 1500 теңге. Біздің жылдық өнім шығару қуатымыз 540 тонна, соның 248 тоннасын орындап отырмыз, - деді коопертив төрағасы облыс басшысымен әңгімесінде.

img_9715

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мал сою кешенін аралап көргеннен кейін жұмысына көңілі толып:– Кеше қалада ет қымбатсып жатыр дегенді естідім. Сіздердің өнімдеріңіз арзандау болса неге тұрақты бағамен облыс орталығына жеткізбейміз.Президентіміз тамақтың бағасы өсіп жатыр соны төмен түсірудің жолын, амалын іздеңдер деп тапсырма берді. Баға көтерілсе халыққа қиындық туады. Адамға судан кейін керегі азық-түлік. Ауылда мал жеткілікті болса өнімді көбейтіп, темір жол арқылы қалаға да жібергендеріңіз дұрыс деп санаймын, - деген өз ұсынысын ортаға салды.

img_9712

Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521