«Ардагерлерге құрмет – ізгі міндет»

(0 Votes)
С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде халықаралық қариялар күніне орай «Ардагерлерге құрмет – ізгі міндет» атты мерекелік шара өтті. Алдымен қарияларға құттықтау сөзін ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев арнады. Одан әрі аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров зал толы зейнеткерлер мен ардагерлерге жүрекжарды лебізін арнап, атаулы күнге орай марапаттау рәсімін жасады. Ауданның Құрмет грамотасымен ардагер ұстаз Хайырболат Нұфхалиевті, «Ауыл шаруашылығы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Құрметті ардагер» төсбелгісімен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиевті, ҚР салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен «Жиделі» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшсі Талапқали Зайнулллинді марапаттады. Аудан әкімінің Алғыс хатымен «Ғасыр жаңалығы – Астана» атты байқауда туындылары үздік деп танылған «Серпер» газетінің бас редакторы Таңатар Дәреловке, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Талапқалин Зайнуллинге табыстап, Құрманғазы ауданының 90 жылдығына орай шығарылған ескерткіш төсбелгіні бір топ ардагерлердің өңіріне қадады. Құттықтау сөз үшін мінберге көтерілген Құрманғазы ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Қадірбай Жармұханбетов өз тілегінде ардагерлер ұйымы мен қоғамдық Аналар кеңесінің ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі мен атқарған ізгілікті істеріне оң бағасын берді. Мерекелік шарада әншілер Гүлзада Тілегенқызы, Нұрболат Исаев, Раушан Сәрсенова, Толыбай Қажыгереев, Ерболат Сұлтанов, Қадыржан Хасанов, Сафон және Ақкөл ауылдық округтерінің әжелер ансамбльдері өнер көрсетті. А.НӘЖІМОВ.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21