Қарбызды жеуге асықпаңыз!

(0 Votes)

Шілде айы басталмай жатып көше бойында, базарда, дүкендерде қауын мен қарбыздың саудасы қыза түсті.

Бұған ерте емес пе деген ойда қаласың.Өйткені, жаздың басты жемісіне саналатын бұл өнімдерді әзірше жеуге асықпаған жөн. Шілденің соңы – тамыздың басы қауын-қарбыздың нағыз пісетін уақыты.

Қарбыз басқа көкөністерге қарағанда көңіл-күйді көтереді екен. Бір қызығы, қарбыз сөзі парсы тілінен келген, яғни парсыша харпузак – Есек қияры деген мағынаны білдіреді екен. «Есек қияры», естімеген елде көп деген. Қарбыздың отаны – Оңтүстік Америка екен. Ежелгі Египетте де адамдар бұл жидекті білген. Ал қазір біздегі қауын-қарбыздың басым бөлігі оңтүстік өңірлерден, Ресейден келетіні белгілі. Бұл өнімдер түрлі тыңайтқыштардың көмегімен пісіп жетілген. Сондықтан, ала жаздай маңдайы күнге күйіп, табанынан тозған диқаншылардың еңбегінің жемісін күтіп, таза өнімді тұтынғанға не жетсін.

Қарбыз бен қауынның адам денсаулығына пайдасы шаш-етектен. Мәселен, қарбыздың құрамында магний өте көп. Қарбыздың 150 грамы ғана біздің ағзамызға қажетті бір күндік магнийді қамтамасыз ете алады екен. Ал артериялық қан қысымы бар жандар оны ас мәзіріне міндетті түрде қосуы керек. Қарбыз адам бойындағы холестеринді шығарса, қауын қандағы гемоглобин мөлшерін көбейтеді. Екі жеміс те жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға көмектеседі. Ал бүйрегіне тас байланған жандарға қауын-қарбыздың пайдасы зор.

Алайда, ескере кететін бір жәйт, қауын-қарбызды жол бойынан сатып алудың қажеті жоқ. Өйткені, жерде домалап жатқан қауын мен қарбыз ашық аспан астында токсинді тез қабылдайды. Сондай-ақ, көшеде жүйткіп жүрген көліктерден шығатын улы газды қарбыз өзіне тез сіңіріп алады. Бұл сату талабына сай емес. Міне, көпшілігіміз мұны ескере бермейміз. Сондықтан бұл өнімдерді санитарлық талаптарға сай арнайы дүкендер мен супермаркеттерден алған дұрыс.

Қарбыздың пайдасы қандай? Бірнеше тілімі бір күндік С витамині мөлшерін толтырады; 92 пайызы судан тұрады; Қарбыз суы қуық және зәр жолда¬рын жақсы тазартады; Артрит, гастрит, боткин, жүрек аурулары және семіздікке қарсы пайдалы; • Құрамындағы ликопен еркектердің потенциясын күшейтеді; • Қарбыз қалдығынан неше түрлі ыдыс та жасауға болады!

Білесіз бе? Қарбыз құрамындағы нитратты үйде отырып-ақ тексеруге болады. Қалай дейсіз бе? Қарбыз химиялық қоспамен піспегенін байқау үшін оны кесіп алып, су толтырылған кесеге салыңыз. Бір сағат көлемінде су бұлдыр болса, лайланғандай болса жей беруіңізге әбден болады. Ол – таза! Ал егер су түсі қызыл күрең болса оны жеуге асықпаңыз! Құрамында нитрат бар. Жемісті химия қосып өсірген!

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521