Қараусыз жүрген мал иелеріне айыппұл салынды

(1 Vote)

Көктем мезгілінің келуіне байланысты Құрманғазы ауданынының көптеген тұрғындары өздерінің ірі қара малдарын қараусыз қалдырып, соның салдарынан теміржол бойында жүрген жануарлар  жүк  поездарына басылып қозғалысына қауіп төндіреді.

Ағымдағы  жылдың мамыр айының 3-10 аралығында Атырау ст.ЖПБ-не қарасты Ганюшкин ст.ЖПб-нің қызмет атқару аймағындағы Қиғаш ауылымен Исатай станциясы аралығында жүк  поездарының тепловоз машинистері теміржол бойына сиыр, жылқы, түйе малдарының шығуына байланысты шұғыл тежегіш қолданудың 3 фактісі тіркеліп мал басу оқиғалары орын алған.Осы оқиғаға қатысты   Ганюшкин ст.ЖПб-нің қызметкерлері Атырау  жол дистанциясымен бірлесіп ірі қара мал иелері анықталып, теміржолдардың бөлінген жолағында  мал жаю қағидаларын  бұзғаны үшін, қараусыз жүргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 559 бабы 1 бөлігіне сай әкімшілік хаттама толтырылып, айппұлдар салынып  ірі қара мал иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ганюшкин ст.ЖПб бастығы полиция капитаны Қ.Ералиев.

Атырау жол дистанциясы бастығының орынбасары  А.Рахмеденов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521