Қараусыз мал, асығыс адам қатері

Рейтинг: 0 / 5

Теміржол –қауіптілігі жоғары аймақ. Жыл сайын темір жол бойында адамдардың пойызға басылуының көптеген оқиғасы орын алады.

Өкінішке орай, бүгінде адамдардың темір жол бойына белгіленбеген жерлермен шығуы, қала берді, төрт түлік малдарын қараусыз жіберуі үлкен апаттарға, материалдық зор шығындарға ұшыратуда. Атырау жол дистанциясының басшысы А.Жылқыбаевтың берген мәліметіне сүйенсек, 2018 жылдың 27 тамызы күні Исатай ауданына қарасты «Аққыстау-Бақсай» жол аралығындағы 10 пикетте №7781 СКД-9С пойызын жүргізуші машинист Өмірзақов 60 км/сағ жылдамдықпен келе жатып, жолда бөгде адамның шығуына байланысты жедел тежегішті қосып, тоқтайды. Нәтижесінде сол маңнан ауыр жарақат алған әйел табылған. Кейіннен зардап шегуші Тұщықұдық ауылының тұрғыны 1946 жылы туылған Е.Қуандықова екендігі анықталған. Уақытында жедел-жәрдем шақырылып, оны дереу ауруханаға жеткізгенмен, өкінішке орай, азаматша көп кешікпейалған жарақатының салдарынан қайтыс болған.

Сонымен қатар, дистанция басшысы 3 бекет-4 бекет, Жолтөбе-7 бекет-8 бекет жол аралықтарында №51278092, №51278093, №01268450, №01264868, №01265194 сырғалы және СА, ИХ, КЕ, ҒЕ, ДУ, Б, А, Х, Т, 26, 32 таңбалы түйелер, А,Х, АС мен А, Ж, АС таңбалы жылқылармен сиырлар үнемі қараусыз жайылып, пойыздар қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіріп отырғандығына қатты алаңдаулы. Теміржолшылардың айтуынша, бұл малдар Құрманғазы ауданының Ғ.Әліпов, Жыланды ауылдарына тиесілі көрінеді.

Осыған орай, Атырау жол дистанциясы әкімшілігі теміржол бойындағы апаттардың алдын алу мақсатында жаяу жүргіншілерден, автокөлік жүргізушілерінен теміржол өтпесінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, ауыл тұрғындары иелігіндегі малдарына сырғалау жұмыстарын жүргізуді шұғыл түрде қолға алып, оларды жол бойына қараусыз жібермеуді сұрайды. Олай болмаған жағдайда, тиісті заңдылықты сақтамаған тұлғаларға және теміржол бойына малы шығып кеткен иелеріне заңды түрде шара қолданылатынын ескертіп, редакциямызбен байланысқа шықты.

А.Шакупова

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика