Қара дауыл, жел соқса...

(0 Votes)

Дауыл, қатты жел мен құйын - жиі болатын метеорологиялық құбылыстар. Мұндай күндері қауіп-қатерден аман қалу үшін не істеу керек? Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің кеңесін назарларыңызға ұсынамыз.

Егер желдің күшеюі кезінде топ болып ашық далада қалсаңыз, бірден пана табуға кірісу керек. Бұл – апатқа ұшырағандар үшін әрі негізгі жалғыз қауіпсіздік шарасы. Шөлде не шөлейтте ық жерге жатқан дұрыс. Киімді қымтап, құм мен шаңнан қорғану үшін шүберекпен тыныс жолдарын жабыңыз. Қасыңызда ауызсуы бар құты болғаны абзал. Дауыл кезінде мықты бекітілген шатырдың өзінен гөрі жақсылап салынған панада тығыла тұрған анағұрлым қауіпсіз.

Құйын да – өмірге аса қауіпті апаттардың бірі. Оның дәл ортасындағы жылдамдығы 100 м/с-ке дейін барады, көлденең жылдамдығы сағатына 30-40 шақырымға жетуі ықтимал. Өзге дауыл мен боран түрлеріне қарағанда құйын ондаған метрден жүздеген метрге дейінгі жіңішке жолақпен қозғалады. Сондықтан одан қашып құтылуға мүмкіндік бар. Ол үшін құйынның бағытын анықтап, соған қарсы кету керек. Егер құйынның тап ортасына түсіп қалсаңыз, жерге бекітілген заттан жақсылап ұстап, бетіңізді, әсіресе, көзіңізді матамен жабыңыз, үстіңіздегі кең, желбіреген киімнен құтылуға асығыңыз. Ескі шаруашылық нысандарын шатырдан өткізіліп, екі ұшы жерге бекітілген сыммен қатайтып қою керек. Үйдің ішіне азық-түлік пен ауыз су қорын толтырып қойған тиімді. Егер қыс мезгілі болса, отынды да жинап қойған жеңілдік туғызады.

 

Ақгүл Әлібекқызы,

аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің

бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521