Қаным-қалмақ,жаным-қазақ

Рейтинг: 0 / 5

Қалмақ қызы Тоня апайдың есімі ауданымызға жақсы таныс, халық құрмет тұтатын адамдардың бірі. Қашан көрсеңіз де жүзі жадырап, айналасына мейірім шуағын шашып жүретін ананың өткен өмір жолы қиындықтарға толы.

Ресейдің Қалмақ АССР-інде туған Антонина Даваева 1943 жылы, 7 жасында қуғын-сүргінге ұшыраған ата-анасымен бірге Өзбекстанның Қарақалпақ автономды облысынан бір-ақ шығады. Жетінші сынып бітірген соң Гурьев қаласына (қазіргі Атырау) оқуға келеді. Осындағы ауыл шаруашылығы техникумында 4 жыл білім алып, зоотехник мамандығын меңгерген.

1958 жылы ауданымызға келіп, жолдамамен Еңбекші ұжымшарында алғашқы еңбек жолын бастайды. 1970 жылы Гурьев педагогикалық институтын бітіріп, аудан орталығындағы Абай, Ломоносов, Каспий орта мектептерінде (қазіргі Б.Бегалиев), Ганюшкин мектеп-жатақханасында педагог болып та жұмыс жасады. Орыс тілінен сабақ берді. Кейін, 1977 жылы партияның XXV съезі атындағы кеңшарда байланыс бөлімшесі ашылған соң, Алматыда 2 ай оқып келіп, аталған бөлімше бастығы қызметін абыроймен атқарды. Осы мекемеде 1986 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етті.

Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика