Аналық құқынан алты айға шектелді

(0 Votes)

Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын төрағаның орынбасары, аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құбаева ашып, күн тәртібімен таныстырды.

«Аудан бойынша тәрбиелеу колонияларынан босатылған, арнайы жабық білім беру мекемелерінен оралған жасөспірімдерді есепке алу мен жұмысқа орналастыру бағытында атқарылған жұмыстардың жайы» туралы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы А.Муса хабарлама жасады. Ол жастарды жұмыспен қамтудың жай-күйіне тоқталып, «Еңбек, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасына сәйкес 3 бағыт бойынша ауданда жүзеге асқан шараларды саралады. «Қоғамдық қауіпсіздікті бұзған жасөспірімдерді анықтау және оның шығу салдарын талдау және олармен түзеу бағытындағы жұмыстардың жаңаша түрлері, құқық бұзушылық мониторингісі» жөнінде АІІБ ЖПҚ ЮПТ-ның полиция майоры Ж.Бектеміров хабарламасын ұсынды.

– 2018 жылдың 9 айында ҚР ӘҚБтК-нің түрлі баптарына сәйкес, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүруі, темекі, алкогольдік өнімдерді пайдалануы, т.б бойынша барлығы 226 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Балаларының алдында өз міндеттерін орындамаған 9 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына 23 іс-құжат жолданды. АІІБ есебіне 21 бала, 12 ата-ана қолайсыз отбасы ретінде тіркелді. Атырау қаласында орналасқан кәмелетке толмағандардың оңалту орталығына 4 жасөспірім орналастырылды - деп , осы жылы орын алған қылмыстық құқық бұзушылықтардың әрқайсысын жеке-жеке сипаттап берді. Комиссия мүшесі Ұ.Сапарова жаз мезгілінде Нұржау ауылдық округінде жасөспірімдер арасында орын алған келеңсіз жағдайға байланысты ата-аналарына тек әкімшілік айыппұл салынып, бұзақылық жасағандарға ешқандай шара алынбағандығына ренішін білдірді. Мұндай оқиғалар жасырын күйінде қала берсе, оның тағы қайталануы мүмкіндігін айтып, алаңдаушылық танытты. Комиссия төрағасының орынбасары учаскелік полиция қызметкерлеріне округ әкімшілігі, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп ауылдағы жастардың ахуалын зерделеп, қылмыстың алдын алу бағытында тәрбиелік шараларды жандандыруды тапсырды.

Келесі кезекте Құрманғазы ауылының тұрғыны 1992 жылы туылған А.Т.-нің алкогольдік ішкілікке салыну мәселесі қаралды. Асырауында 4 сыныпта оқитын ұлы бар, олар ІІ топтағы мүгедек анасымен бірге тұрады.Қылмыстық жауапкершілікке 3 рет тартылып, бірақ, заңға сәйкес кәмелетке толмаған баласы болғандықтан қамаққа алынбай, айыппұлмен ғана құтылып, ішімдікті ғана қалайтын ана аудандықемхананың наркология бөлімшесінде есепте тұрады. А. ана ретінде төл міндеттерін орындамайтыны өз алдына, масаң күйінде агрессивті қылықтарымен отбасына қоқанлоқы көрсетіп, берекетін алады. Мүгедек анасы да бірнеше рет АІІБ келіп арызданған. Тіпті өз үйінде тұруға мүмкіндік болмағандықтан, немересін жетектеп бір кезек РТС ауылындағы туыстарының үйін паналаған. 2018 жылдың қазан айында А.Т.-ны маскүнемдіктен еріксіз емдеу-сауықтыру мекемесіне орналастыру туралы жинақталған іс-құжаттар Құрманғазы аудандық сотында қаралып, оған жіберу туралы шешім қабылданған болатын. Алайда, А.Т. бұдан кейін де ішімдік қолдануын тоқтатпай, баласының алдындағы ата-аналық міндеттерін өрескел бұзып отыр. Полиция қызметкерлеріне А. түзелу туралы талай рет уәдесін бергенімен, әлі күнге орындамай келеді. Комиссия мүшелері өзара ақылдаса келе, оны 6 айға аналық құқынан шектеу туралы шешім алды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521