Аналар арасында эстафета бастау алды (+ВИДЕО)

(0 Votes)

Қазіргі әлемге таралған вирус жұқпасы төрткүл дүниені алаңдатып, қатты сынға салуда.

Бұл қатерлі дерт Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Дәл бүгінгі күні ел-жұрт жұдырықтай жұмылып, осынау дауасыз дертпен бірлесіп күресу үстінде. Әсіресе халық денсаулығы үшін жанкештілікпен өз қызметтерін адал атқарып жүрген дәрігерлерге деген халықтың алғысы шексіз. Осы тұрғыда Құрманғазы ауылдық округі жанындағы аналар кеңесі "Мың алғыс, ақ халатты абзал жандар" атты интернет эстафетасын бастады. Басты мақсат - дәрігерлерге рух беріп, олардың жасап жатқан өлшеусіз еңбектеріне ризашылық сезім білдіру. Халқымыздың төтенше жағдайды ертерек еңсеруіне демеу болу. Аталған шараны Шортанбай ауылдық округіне қарасты Жасталап ауылы, Теңіз, Дыңғызыл ауылдық округінің аналары жалғастырды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521