Төтенше жағдайлар бөлімі ресейліктердің шағымына жауап берді

(0 Votes)

Ресей Федерациясының бұқаралық ақпарат құралдарында РФ Астрахань облысының 3 ауданының тұрғындары қамыстың жануына байланысты Қазақстан Республикасының Атырау облысы аумағында өрт иісінен "тұншықтырады" деген мақалалар шықты.

Ағымдағы жылдың 02 желтоқсанында қамыстың жану фактілерін растау үшін Атырау облысы Құрманғазы ауданының шекара маңы аумағына  комиссиялық құрам шығу жүзеге асырылды.

Комиссия құрамына азаматтық қорғау органдарының, ұлттық қауіпсіздік комитетінің және жергілікті атқарушы органдарының  өкілдері кірді.

Комиссиялық құрамның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қамыстың жану фактілері табылған жоқ. Бұл ақпарат Ресей Федерациясының Астрахань облысы бойынша ТЖМ назарына жеткізілді.

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі

Сурет:Р.Койлыбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521