Қамкөңіл балалардың қамқоршылары

(1 Vote)

Мемлекет басшысы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылармен де ерекше жұмыс жүргізген абзал.

Тек ресми статистикаға сүйенсек, елімізде мүмкіндігі шектеулі 80 мың бала бар» ,деп ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға тең мүмкіндік жасалуы тиіс екенін атап өткен еді. Бүгінде аудан бойынша 200-дей мүмкіндігі шектеулі балалар бар. 2017 жылдың 4 мамырында заңды түрде тіркелген «Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 85 жалғызбасты қарияларға және 47 мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Аталған қызмет түрлері әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-еңбек сияқты 8 бағыттан тұрады. Мекемеде күні бүгін 72 адам жұмыс жасаса, оның ішінде орталық қызметкерлері-37, үйден қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлер саны-35. 2020 жылдың 6 айында жартылай стационарлық жағдайда мүмкіндігі шектеулі 19 балаға, 9 ұл, 10 қызға 8 бағыт бойынша әлеуметтік қызметтер көрсетілген.

Жартылай стационарлық жағдайда орталыққа қатынасатын балаларды округтер бойынша айтсақ Құрманғазыдан-6, Еңбекшіден-3, Мақаштан-1, Орлыдан-3, Нұржаудан-1, Ақкөлден -4, Жаңаталаптан-2 адам. Жас ерекшеліктері бойынша 3 жастан 8 жасқа дейінгілері-12, 8-14 жастағылар-6, ал, 14 жастан 16 жасқа дейін-2 бала. Олар таңертеңгі 8:30-да қабылданып, 4 мезгіл тамақтанып, сағат 18:00-ге дейін әр түрлі арнаулы әлеуметтік қызметтер алады. Әлеуметтік-медициналық бағыт жоспар 2020 жылға 19 баланы қамтиды. Оның ішінде психоневрологиялық ауытқулары бары-11, тірек қимыл аппараты бұзылғандар-9, диагноздары бойынша аутизм-1, дауна-5, дцп-9, зпр-1, ақыл-ой жағынан ауыр артта қалушылық-1, орташа артта қалушылық-3.

Медициналық бөлімге 2020 жылы мейірбеке мен емдік дене шынықтыру нұсқаушысы штаттары алынған. Массаж жөніндегі мейірбекеде 10 қызмет алушыларға қажеттілікке қарай емдік-физикалық жаттығулар жасалуда. 2017 жылдан бастап осы уақытқа дейінгі жүргізілген әлеуметтік қызметтердің нәтижесі де жоқ емес. Мүмкіндігі шектеулі балалардың кейбірі өздігінен қасық ұстап тамақтануды үйренді. Бұрын жүре алмағандары қадам басып, олардың тұсауы кесілді. Сөйлей алуға, бір-екі болса да сөз айтуға, аяғының ұшымен жүретіндері табанын толық басуға, салмақ қосуға, ортаға бейімделуге, шығармашылық қабілеттерінің ашылуына, өздігінен дәретке отыруға, іш қатуының кетуіне қол жеткізді. Балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынасы орнап, шығармашылық қабілеттері ашылған. Нәтижесінде кейбір қызмет алушылар әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан жалпы білім беру мектептеріне ауыстырылды. Әлеуметтік-еңбек бағытында қызмет алушы балалар жұмыс жоспарына сәйкес ермексаздан кесе, тасбақа, қаз балапанын мүсіндеуде қолдарының ептіліктерін байқатса, қатырма қағаздан фото жақтауын, шырша ойыншықтарын дайындауда қайшымен, желіммен жақсы жұмыс жасайтындарын көрсетті.

– Елдегі ахуалға байланысты 2020 жылдың 18 наурызынан бастап орталықтың жұмысы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшірілді. Орталықтың педагог мамандары күнделікті сабақтарының жоспарын электронды пошта арқылы бекіттіреді. Ватсап мессенджерлері, видео қоңырау арқылы ата-аналардың көмегімен балалармен жеке сабақтарын өткізіп отыр. Массаж жөніндегі мейірбеке мен ЕДШК нұсқаушысы тәрбиеленушілерге жасалатын емдік-физикалық жаттығуларын ата-аналарға онлайн көрсету арқылы жұмыстарын жалғастыруда. Орталық дәрігерлері мен мейірбекелері ватсап группасы және жеке чаттары арқылы қазіргі ел ішіндегі індетке байланысты одан қорғану, алдын-алу жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізіп, күн сайын орталықтан қызмет алушылардың жай-күйін тексереді. «Жақсылық жасау қолыңнан келсе, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа» деген ұранмен орталығымыз қызмет алушы балаларын емдетуге немесе демалыс орындарына апарғысы келетін ата-аналарға аудан бойынша демеушілік көмек арқылы жағдай жасауды алдағы уақыттағы жоспарына енгізді,- дейді орталықтың басшысы Нұржан Кендебайұлы Бахреденов.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521