Қалыс қалма, қатардан көрін

(0 Votes)

«Жасыл қала – жасыл ауыл» жалпыұлттық жобасын іске асыру аясында ауданымыздың бір топ жастары «ЭКО челлендж» экологиялық акциясын ұйымдастырды.

Шара жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа деген жанашырлығын, сүйіспеншілігін қалыптастыру, ауыл тазалығын сақтауға шақыру мақсатын көздеді. Белсенділер аудан орталығының «Қайролла теректері» алаңқайын, Тухлая өзегінің сол жағалауы бойын тұрмыстық қалдықтардан тазалады. Сауабы мол іске «Жасыл ел» сарбаздары мен бірқатар ауыл тұрғындары да атсалысып, көмек қолдарын созды.

6

Біздің тілегіміз бұл шара жалпыхалықтық сипат алып, эстафетамызды өзге де округ жастары, еңбек ұжымдары жалғасытырып кетсе дейміз. Туған жеріміздің, қоршаған ортаның тазалығы біздің қолымызда екенін есте ұстап, көркейтіп, көгалдандыруға үлесімізді қосуға шақырамыз. «ЭКО челленджді» бастау бізден, жалғастырып кету сізден. Қалыс қалма, қатардан көрін замандас!

Дархан ИРҒАЗИЕВА,

аудандық жастар ресурстық орталығының инспектор маманы

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21