Алмастың қос марапаты

(0 Votes)

«Жайық» спорт кешенінде Атырау облыстық «Спорттық жүлде – 2019» иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

23 аталымнан тұратын жүлделерді салтанатты жағдайда облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев пен шара қонағы, Олимпиада чемпионы, әйгілі боксшы Серік Сәпиев тапсырды.

Жерлестер үшін жақсы жаңалық, мемлекеттік қызметшілердің облыстық спартакиадасында 10 рет топ жарған Құрманғазы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі «Ең үздік спорт бөлімі» атанды.

Сондай-ақ, бөлім басшысы Алмас Қайыржанұлы Мұқашев «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марпатталды. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев пен жас спортшы Гүлбақыт Қайыржанқызы да Алғыс хатпен ұлықталды.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521