Қалдық қаржы қандай мақсатқа жұмсалады?

(0 Votes)

Аудандық мәслихаттың Zoom форматында өткен кезектен тыс V сессиясының күн тәртібіне үш мәселе қойылды.

Бірінші болып «Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №588-VІ «2021-2023 жылдарға арналған Құрманғазы ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Баймұқанованың хабарламасы тыңдалды.

- 2021 жылдың 1 қаңтарына 19 ауылдық округ бойынша бос қалдық 27420,0 мың теңге болып қалыптасып, оның 22,0 мың теңгесі ақпан айында пайдаланылмаған трансферттер сомасын қайтару көзделді. Қалған 27398,0 мың теңге қаржы сұраныстарына сәйкес Бірлік ауылдық округіне 655,0 мың теңге,  Асан ауылдық округіне 1138,0 мың теңге, Нұржау ауылдық округі бойынша Жамбыл елді мекеніне 1325,0 мың теңге, Қиғаш ауылдық округі бойынша Қиғаш және Д.Нұрпейісова елді мекендеріне 359,0 мың теңге, Дыңғызыл ауылдық округіне 1281,0 мың теңге, Еңбекші ауылдық округіне 300,0 мың теңге, Сафон ауылдық округіне 598,0 мың теңге, Кудряшов ауылдық округіне 300,0 мың теңге,  негізінен ауылдық округтерге ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған Ұлттық халық санағына даярлық жұмыстарына сай жеке тұрғын үй тақтайшаларын және маңдайшалар жасату жұмыстарына бағыттау ұсынылып отыр. Сондай-ақ, Жаңаталап ауылдық округі бойынша көшелерді жарықтандыруға 300,0 мың теңге, жазғы саябақты суаруға мотопомпа сатып алуға 523,0 мың теңге, барлығы 823,0 мың теңге, Құрманғазы ауылдық округі бойынша 4146,0 мың теңге ауылдың кіріс және шығыс бетіне маңдайшалар сатып алып орнату жұмыстарына, Кудряшов ауылдық округіне ағымдағы ұстау шығындарына 357,0 мың теңге, Теңіз ауылдық округі бойынша 571,0 мың теңге сот шешімін орындау мақсатында округ аумағындағы зираттарды қоршау жұмыстарына,  Сүйіндік ауылдық округі бойынша 1455,0 мың теңге округ ғимаратын жәй жөндеу жұмыстарына, 480,0 мың теңге округке қарасты ғимараттар мен округ теңгеріміндегі үйлерге газ қосу және жылу қазандарының профилактикалық жұмыстарына, 170,0 мың теңгеге мемлекетіміздің Туын және принтерлер сатып алуға, барлығы 2105,0 мың теңге бөлінеді, - деген хабарламашы басқа да ауылдық округтерге қаржы қарастырылғанын айтып, бюджеттің бірінші нақтылауына 10 ауылдық округтен 233529,0 мың теңгеге сұраныс түсіп, ішінара бос қалдық қаражаттары есебінен қанағаттандырылғанын қаперге берді.

Хабарлама бойынша бірнеше сауалдарын қойған депутат  Е.Хисметуллинге аудандық мәслихаттың экономика, салық және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Кенжебаев жауаптарын берді.

Келесі кезекте аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 28 сәуірдегі №160-VІ «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу бойынша аудан әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушы Қ.Махсутов хабарлама жасады. Үшінші мәселеде аудандық мәслихаттың VІ  сессиясының төрағасы сайланды.

Мәслихат хатшысы Б.Жүгінісов сессия жұмысына қатысып отырған аудан әкімі М.Мурзиевтің назарына тұрғындар мәселе етіп көтерген Құрманғазы ауылының батыс жақ бөлігіндегі екі ықшамаудандағы 468 үйдің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысының тезірек іске берілуіне араласуды сұрады. Депутат Г.Болатбаева Бұзауслан ауылындағы жаяу көпірдің жағдайына алаңдаушылығын білдірді. Қорытынды сөз сөйлеген М.Мурзиев ауданның жағдайымен танысуды Құрманғазы ауылдық округінен бастағанын, он бес мыңдай тұрғыны бар кентте көше жарығының, қоқыс контейнерлерінің аздық ететінін,  ауылды абаттандыруда, көгалдандыруда, тал-теректерде қоршауда бірқатар кемшін тұстар барын анықтағанын айтты. Алдағы уақытта басқа да округтерде болып, жағдайды өз көзімен көріп зерделеуге жұмыстанатын, мәслихат депутаттарымен де кездесетінін қаперге берді.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521