Қалада кәріз құбыры жанынан тастанды сәби табылды

(0 Votes)

 Атырауда кәріз коллекторының маңынан нәресте табылды, құзырлы орган өкілдері қазір нәрестені құтқарумен айналысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сәрсенбі күні түске дейін Авангард шағын ауданының тұрғыны кәріз коллекторының басына орнатылған үйшіктен кішкентай баланың жылаған даусын естіген. Коллекторға жақындағанда тұрғын кішкентай нәрестені көрген. Баланы үйіне алып келген әйел бірден жедел жәрдем мен полицияға хабар берген.

«Иә, мұндай жағдайдың болғаны рас. Табылған нәресте қыз бала. Қазір оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Медицина мамандары оның өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр»,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

А.Соколов

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21