Қалада анасы мен 5 бала ыстан уланып қалды

(0 Votes)

Атырауда әйел бес баласымен ыс тиіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін таңертең облыстық балалар ауруханасына 32 жастағы ана мен оның екіден 13 жасқа дейінгі бес баласы жеткізілді. Олардың барлығы көмірқышқыл газынан уланған. Улану себебі үйдегі пештің ақаулығынан болған», - деді облыстық ТЖ департаменті.

Аймақтың денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен әйел мен бес балаға медициналық көмек көрсетілді, ем қабылдап жатыр. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521