Алғыс саған, ақ халатты абзал жан!

(0 Votes)

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бұл мерекені адам тәнінің қиналысы мен қасіретін жүрегімен сезіне білетін денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерінің ерен еңбегінің дүйім жұртшылықпен бағаланатын күні деп есептеуге болады. Бүгінгі таңда, қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздегі мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүміндіктер жасалуда. Дәрігерлердің толассыз еңбектеріңіздің өлшемінде өмір қуанышымен қайта қауышқан талай адамдардың тағдыры тұр. Ойланып қарасақ, күллі байлықтың жиынтығы дүние-мүлік емес, тек деннің саулығы ғана. Сол себептен, ақ халатты абзал жандар-дәрігерлер қауымының қоғамдағы орны ерекше. Олардың еңбектерi қандай да құрметке лайық. Бұл елімізде орын алған әлемдік пандемия кезінде де өз дәлелін тапты. Сондықтан өздерінің білімдері бар күш-жігерлерін қоғамның негізгі құндылығы - адам денсаулығын қорғауға жұмсай отырып, ауданымыздың денсаулық сақтау саласының дамуына өзіндік үлестерін қосып келе жатырған дәрігерлер қауымына шексіз алғысымды білдіремін. Мереке қарсаңында Сіздерге отбасыңызға амандық, мықты денсаулық, күш-жігер, баянды бақыт тілеймін. Кәсіби біліктіліктеріңізбен жаңа табыстарға жетіп, биік белестерден көріне беріңіз.

Құрметпен, аудан әкімі Қ.Нұртаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521