Алға театрына автобус қажет

(0 Votes)

Мақаш ауылдық округінің әкімі Болат Мұфтахов ауыл тұрғындары алдында 2019 жылдың қорытындысымен есеп берді.

- Округтың әкімшілік-аумақтық құрылымындағы 6 елді мекенде 2794 адамды біріктіретін 519 отбасы тұрады. Округ тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік жағдайларын шешуге бағытталған жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Олардың тарапынан түскен ұсыныс-пікірлер бойынша іс-шаралар жасақталып, оның орындалуы бақылауға алынады. 2019 жылы жеке тұлғалардан түскен өтініш саны - 75, соның ішінде тұрғын үй салуға жер телімдерін беруге - 3, қосымша жер сұрағандар - 65, басқа да өтініштер - 7. Олар мезгілінде қаралып, негізінен қанағаттандырылып, жауаптары берілді. Округ әкімінің жеке қабылдауында 41, «Ашық есік күнінде» 2 адам болды.

img_9456

Бюджет қаржысының игерілуі үнемі бақылауда ұсталынады, қаралған және нақтыланған барлығы 99 млн 962 мың теңге қаржы толықтай игеріліп, мақсатты жұмсалды. Соның ішінде «Мақаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету үшін 23 млн 292 мың теңге, «Морской» селолық мәдениет үйіне 23 млн 910 мың теңге, мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қызметкер ұстауға 165 мың теңге, елді мекендердің көшесін жарықтандыруға 600 мың теңге, елді мекендердің тазалығын қамтамасыз етуге 100 мың теңге, елді мекендерді көгалдандыруға 300 мың теңге, Иманов елді мекеніне - 5, Көкарна елді мекеніне – 5 және Ж.Мамбеталиев көшесіне – 10 көше жарығы орнатылды. Округ бойынша тұрғындардан 29 022 теңге мүлік, 63 008 теңге жер, 2 857 551 теңге көлік салықтары, табыс салығы 1 068 470 теңге жиналып, барлығы 4 018 051 теңге округ бюджетінің есебіне аударылды. Ауылдың жас тұрғыны Н.Тайров «Zhas Project» жобасынан қымыз өндіру бойынша 1 млн теңгенің грантын жеңіп алып, шаруасын бастап кетті.

«Бизнес-Бастау» жобасы аясында А.Хамзина, А.Құспанова 505 мың теңгенің грантын алып, өз кәсіптеріп жүргізіп отыр, - деген ауыл басшысы Афанасьев бекеті, Иманов, басқа да ауылдарда өткен жиындарда айтылған инфрақұрылымды жақсарту, бұралқы ит-мысықтарды жою бағытындағы мәселелерді назарға беріп өтті. Соңында Алға ауылына және Қарақұл, Көкарна елді мекендеріне ауыз су құбыр тарту, көшелерді асфальттау, жарықтандыру, каналдарды тереңдету, типтік негіздегі жаңа емхана салу және «Алға» халықтық театрына автобус алуға қаржы бөлдіру сияқты жұмыстарды алдына міндет етіп қойғанын айтты.

А.Нәжімов

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21