«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына сәйкес 2025 жылдың 13 шілдесінде өкілеттік мерзімі аяқталған ауылдық округ әкімдерін сайлау өтті.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 15 шілдедегі №21 шешімі негізінде, аудан әкімінің өкімімен 2025 жылғы 16 шілдеден бастап, Утешов Қадыржан Дүйсенбайұлы Ақкөл ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
Утешов Қадыржан Дүйсенбайұлы. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы ауылында 1981 жылы 2 желтоқсанында дүниеге келді. Ұлты қазақ.
Білімі–жоғары.
1998 – 2000 жылдары Астана қаласындағы Ақмола қаржы-экономика колледжін «Қаржы» мамандығы бойынша;
2000 – 2003 жылдары Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Бахгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. Орлы ауылдық округінің тұрғыны.
Алғашқы еңбек жолын 2001 жылы «Каспий Балық» өндірстік кооперативінде есепші ретінде бастаған.
2003-2005 жылдары аудандық жастар, туризм және спорт бөлімінде және аудандық кешкі мектепте есепші;
2005 – 2009 жылдары аудандық қазынашылық бөлімінде бас маман;
2009 – 2010 жылдары Орлы ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман;
2010 – 2015 жылдары Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінде, ұйымдастыру-кадр бөлімінде бас маман, бөлім басшысы;
2015 – 2022 жылдары Құрманғазы ауданы әкімінің бас инспекторы;
2022 жылдан бастап Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімі басшысының қызметін атқарып