Ақиқаты ашылмаған Ауған соғысы

(0 Votes)

Панфилов атындағы жалпы орта мектепте Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай ардагерлермен кездесу кеші өтті.

Мақсаты - интернационалист жауынгерлердің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, жастарды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Алғашқы сөз кезегін алған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Индира Нұржанқызы кездесу шарасы тақырыбының мәні мен маңызына тоқталып, қош келдіңін айтты. Ауылдық кітапхананың кітапханашысы Арай Егінбаева өзінің жасақтаған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Мектептің АӘД пәнінің мұғалімі Жігер Ерболатұлы оқушылармен бірге автомат шашу мен жинаудан шеберлік дәрісін көрсетті.

Шараға қатысқан қонақтар Сәлім Махмудов, Сергей Шынтасов, марқұм Смағұл Елемесов ағамыздың жолдасы Жаңылсын апамыз сөз алып, оқушылар өздерін толғантқан сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Мектеп оқушылары Қарақат Марат, Райиан Шахидулла патриоттық әндерін орындап, кештің шырайын келтірді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT