Ақкөлде «Наурыз-Думан» атты театрландырылған шара өтті

(0 Votes)

Ақкөл ауылында Ақкөл ауылдық мәдениет үйі Ұлыстың Ұлы күні мейрамына орай «Наурыз-Думан» атты театрландырылған шара өткізді.

Театрландырылған көріністің басында “Жаршы” шығып “Наурыз Думан” басталатынын жариялап, жиналған халықтан сүйінші сұрады. Ары қарай бишілер тобы мерекенің сәнін келтіріп, “Қазақ биімен” шараның шымылдығын ашты. Қазақи ұлттық киімдегі жүргізушілер “Ақсақал” және 3 жігіт болып “Наурыз Думан” шарасын бастап “Наурыз” туралы әндерден құралған поппури әнін шырқады.

Сахна төріне ауыл әкімі Әлімбай Насихатұлы және ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбубакар Шәмбілұлы шақырылып өз құттықтау тілектерін арнап, әр түрлі саладағы қызметкерлерді аудан және округ әкімі “Алғыс хатымен” марапаттады. Мерекелік шара барысында ұлттық ойындар “Қазақша күрес”, “Асық ату”, “Қол күрес” ұйымдастырылып, жеңімпаздарға құттықтау марапатымен ақшалай сыйлықтар табысталды. Шара ортасында “Тазша бала” келіп өтірік өлең оқитын өнерін паш етіп, түйе мінген Асан қайғы ата келіп, ауыл тұрғындарына ақ батасын берді.

Ауыл өнерпаздары Н.Төлегенов, Н.Әбілжанов, Ү.Күнжарыққызы, А.Қазымбек, А.Қазымбек, Ә.Темірхан, “Нұрай” бөбекжай балабақшасының музыка пәнінің мұғалімі М.Мұқан және Р.Калимоллаев ән шашу арнап, көрерменге мерекелік көңіл күй сыйлады. Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын...жылдан-жылға аман-есен жетейік ағайын!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521