«Қайырымдылық жасасаң, қайырын көрерсің» (+ВИДЕО)

(0 Votes)

Мемлекет басшысының бастамасымен 2020 жыл Қазақстанда «Еріктілер жылы» деп жарияланды.

Еріктілік, жанқиярлықпен көмектесу дәстүрлері біздің елімізде терең тарихи тамырларға ие және әрқашан қолдау тауып келеді.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қайырымдылық пен мейірімділік – қанымызға сіңген қасиет. Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болудың қажеті жоқ, ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Қазақта асар жасап, бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсету дәстүрі бар. Оның волонтерлікпен үндесетіні сөзсіз.

Елімізде індетке қатысты төтенше жағдай енгізілгелі жастарымыз ел өміріне белсенді араласып,бір жеңнен қол шығарып, жұмыла жұмыс атқаруда.

2017 жылғы М.В.Ломоносов, Б.Бегалиев, Абай мектебінің түлектері карантин кезінде «BIZ BIRGEMIZ» ұранымен «Ниет» қайырымдылық қорын ашып, қаражат жинап ауданның жеті отбасына азық-түлікпен,тұрмысқа қажет бұйымдармен қамтамасыз етті.

Жас волонтерлер пандемия кезінде қолдан келгенше көмек көрсетуге әзір. Акцияның өтуіне үлес қосып, қариялар мен көп балалы отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге атсалысқан жастарды әрдайым қолдаймыз.

«Әлемдік пандемия кезінде бір-бірімізге жанашырлық таныту, қамқор болу, бірлігімізді сақтау – әрбір азаматтың парызы деп білеміз!», -дейді Құрманғазы жастары.

Жақсының жақсылығын айту арқылы өзгелерге сабақ болса дедік. Олай болса, жомарттыққа жақын болып, жақсылықтың жанынан табылайық!

 

 

Қ.Қыдыршаева, 

Ломоносов жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521