Қайырымдылықтың үлгісін көрсеткен аналар

(0 Votes)

Адал ісіне ақы сұрамас еңбек қоржандардың болмыс-бітімі бүгінгі ұрпақтың бағыт алар бағдарына айналары белгілі.

Себебі туған жеріне, өскен өңіріне пайда әкелу, қолдау білдіру мақсатында Отанына қызмет еткен жандар қашан да мақтан төрінде, марапат биігінде. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де күрмеуі қиын мәселелерді шешуде айшықты із қалдырған, ұлтымызға тән қасиет – қайырымдылықтың үлгісін көрсеткен аға буын өкілдері жетерлік.

Солардың қатарына Ботақан ауылдық кеңесінің төрайымы, кейіннен Микоян атындағы колхоздың басқарма бастығы болған аудандағы алғашқы қазақ әйелі Самиға Тапалованы, Қошалақ ауылдық кеңесіне қарасты К.Маркс атындағы ұжымшарда ферма меңгерушісі, соғыс жылдарында басқарма төрайымы болып еңбек еткен Қаделі Ысқақованы қоссақ, тіпті жарасар еді. Олар сұрапыл соғыс уақытында жомарттық танытып, бірі өз қаражатынан 50 мың сом «Қазақстан колхозшысы» атты танк жасау қорына жолдаса, келесісі Отан қорғау қорына 1942 жылыжеке жинағынан 175000 сом аударған.

Тапалова Самиға 1905 жылы дүниеге келген. Ботақан ауылдық кеңесінің тумасы Қабас деген азаматпен шаңырақ көтеріп, 1925 жылы Ғайнеден атты ұлды өмірге әкелген. Жолдасы Қабас балықшылық кәсібімен айналысып, 1940 жылы дүниеден озған. Өмірлік серігінен қапыда айырылса да тағдырға налымаған Самиға ана өзінің ерік-жігері мен қайсарлығының арқасында Ботақан ауылында 1930 жылы құрылған «Екпінді құрылыс» атты шағын колхоздың балықшылар бригадасына бригадир болып сайланып, колхоз басқармасының мүшелігіне өтеді. Он жыл балықшылар бригадасын басқарып, жергілікті кеңестің депутаттығына сайланады. 1940 жылы Коммунистік партия қатарына қабылданып, 4-5 айдан соң партия- совет кадрларын даярлайтын 1 жылдық курсқа жіберіледі. Ел басына күн туған 1942-1948жылдар аралығында Ботақан ауылдық кеңесінің төрайымы болып сайланып, қиын кезеңде ауылдастарын біріктіруге бар күш-қайратын жұмсайды. Сол кездегі қажырлылығына сай «тас қайнататын Тапалова» атанады. 1948 жылы ауылдастары оны Микоян атындағы колхоздың басқарма бастығы етіп бір ауыздан сайлайды. Ерлерге тән еңбек еткен Тапалова Самиға көп жылдар бойы кеңес пен колхозды басқарған аудандағы алғашқы қазақ әйелі ретінде аудан мен облысқа танылады. Жалғыз ұлы Ғайнеден Қабасов 1943 жылы 8 қаңтарда майданға аттанады да 1944 жылы Ураина майданында опат болады. Жалғыз ұлы жауды жеңіп елге оралса деген тілекпен сағыныштан сарғайған ана өзінің жинаған қаражатынан 50 мың сомды «Қазақстан колхозшысы» атты танк жасау қорына аударады.

Қарапайым қазақ әйелінің ерекше ерлік ісі Жоғары Қолбасшыға да мәлім болып, И.Сталиннің қолы қойылған Алғыс хат келеді. Сарғайған қағазда «Жолдас Тапалова, Қызыл Армияға жасаған қамқорлығыңыз үшін алғыс білдіремін, менің сәлемімді қабыл алыңыз! Москва. Кремль. 1943ж. Иосиф Сталин.» депжазылғанекен.

Сонымен қоса сол кездегі Ботақан ауылдық кеңесінің төрайымы СамиғаТапалованың атына Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы И.Скворцовтан да Алғыс хат келеді. Қайсар ана 1944 жылы жалғыз ұлынан айрылса да қайыспай, ұзақ жыл Микоян атындағы колхозды басқарып, талай социалистік жарыстарда жеңіске жетеді. 1968 жылы інісі Жанкеев Сарбала екеуі Украина елінің Федосеевка селосының маңайындағы бауырластар зиратына жерленген ұлы Ғайнеденнің қабіріне барып, туған жердің бір уыс топырағын салу бақыты бұйырады. Жар дегенде жалғыз ұлы қан майданда қаза тауып, өзге елде қалса да, қайғыдан қан жұтқан Самиға ана күйіктен еңкейіп қалмай, қайта қайсарлана түскен. Кейінгі жылдары «Көкарна» май зауытының меңгерушісі болып еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. 

1986 жылы облыстық атқару комитетінің шешімімен оған облыстық деңгейдегі дербес зейнетақы тағайындалған. Кіші інісі Оразғалидың қызы Зейнепті бауырына салып, ұлының тұяғындай тәрбиеледі. 96 жыл ғұмыр кешкен 2001 жылы күйеу баласы Ғаббасов Қамат пен Қызы Зейнептің шаңырағынан бақилыққа аттанған.

taplova

Өмір дерегі бір дастанға лайық жан,басшылық қызмет атқарған Қаделі Ысқақованың өнегелі ғұмыры ұрпақтарына үлгі. Ол 1910 жылы дүниеге келген.. Соғыс жылдарында басқарма төрайымы болып еңбек еткенде Отан қорғау қорына жеке қаражатынан 175 000 сом аударып, оған ұшақ жасатқан. Оны ұшқыш жерлесі В.Ишинге беруді сұраған. Бүгінде Қошалақта Қ.Ысқақоваға мемориалдық тақта орнатылған.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521