Айбынды, аппақ кесене, аппақ кесене

(1 Vote)

Қазақстанның Халық емшісі», «Батыр Ана», әулие-сынықшылар әулетінің заңды мирасқоры, ел-жұртымойындаған Дәметкен Серікбайқызының бақиға көшкеніне таяу мерзімде жыл толады. «Артында бар оңалар» дегендей ұрпақтары басына айшықты мазар орнатты. Сауабы Алладан болсын!

zirat-basy

Талай-талай көңіл судай тасыған,

Өздеріңдей мен де мұнда асығам.

Бабалардың рухтарына шам жағып,

Орын тепті енді міне, қасынан.

 

Қайран Ана, самғап ұшқан әр арман,

Пендең қанша алдыңа кеп тазарған.

Ел, ел деумен елжіреген әз жүрек,

Ел тәу етер айналдың ба мазарға.

 

Биігім-ай, тұғырынан түспеген,

Бір бойыңда неткен құдірет, күш деген.

Алдыңа кеп құдайларын таныды,

Адасқандар, аузымен құс тістеген.

 

Сенің арқаң, алары жоқ көңілге,

Қақ айырылған бүтінделді көп ірге.

Дәру іздеп дәрменсіздер жығылған,

Қайта туып, қайта келді өмірге.

 

Қолына алған суретшідей бояқты,

Анықтадың, баба рухты ояттың.

Сары сүйек, сары құмның астында,

Пейіліңнен тапты рахман тоятты.

 

Көңілі де, көз сүйері көптің де,

Ар-көпірмен арғы бетке өттің бе?

Жұртың келсе жалау қылып жандарын,

Көрінбейтін жарығыңды төк күнде.

 

Кең еді ғой, кемелдігің кең еді,

Бұл «Саздыға» тәу етіп ел келеді.

Күпір десең кешір онда бір Алла,

Сізді өлдіге қалай көңіл сенеді.

 

Жүрегімен жоқтамайды азды кім?

Сарғайта алдық сағыныштың наз жүгін.

Ата-баба рухтары тым асқақ,

Сіз де бүгін бір асқары «Саздының»

 

Керек едің, ақ-қараны тануға,

Алдырмауға, алдау-арбауға сан уға.

Жан алқымда жанұшыра жетерміз,

Өзіңіздей биік болып қалуға.

 

Алыстамас, бүгін ара кешемен,

«Саздың»- мәңгің, түйірі алтын, кесегі ем.

Ұрпағыңның мейір нұры жұғысты,

Қабыл болсын, айбынды аппақ кесенең.

Таңатар Дәрелұлы

Құрманғазы мекені

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521