Адам еңбегімен ардақты

(0 Votes)

Аудан әкімдігінде «Адам еңбегімен ардақты, мінезімен қадірлі» деп ұлы Абай атамыз айтқанындай, өлкеміздің экономикасы мен білім саласын дамытуға өлшеусіз үлес қосқандарды ұлықтауға арналған «Ерен еңбек иелері» атты марапаттау рәсімі өтті.

Шараны құттықтау сөзімен ашқан аудан әкімі Қайрат Нұртаев бүкіл саналы ғұмырын елдің өркендеуіне арнап, ер еңбектен бақытын тапқан аға буын өкілдерінің өнегелі жолдарын ерекше атап өтіп, құрылыс, кейіннен мемлекеттік қызмет саласында абыройлы еңбек еткен Елдос Бектемировке ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы» атағын табыстады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін білім саласының ардагерлері Нариманбек Шолтырұлының, Нәсіп Нұрсұлтанқызының өңіріне қадады. Сондай-ақ, білім беру ісінде шығармашылық ізденіс танытып жүрген  аудандық жас туристер бекетінің директоры Алмажи Өтегеновті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен Еңбекші орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сара Әмірханованы, Атырау облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен Имашев атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Таңатар Харесовті, Ақкөл орта мектебінің педагог-психологі, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Райгүл Темірованы, Алғыс хатымен  Имашев атындағы орта мектептің алғашқы әскери технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Амантай Масалимовты марапаттады.

ebek-eri1

Мемлекеттік қызмет саласының ардагері, ауданның Құрметті азаматы Аманжан Тәкешов ұлықталып жатқан Елдос Бектемірұлы жайлы жылы лебізін білдіріп, мерейлі марапатымен құттықтады.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521