Адалдық алаңының алғашқы отырысы

(0 Votes)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсе өзінің алғашқы отырысын өткізді.

Жобаның негізгі міндеттері сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, азаматтар және бизнес үшін кедергісіз және қолайлы жағдайлар жасау, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы, жариялылығын қамтамасыз ету, ауқымды қоғамдық бақылауды ұйымдастыру болып табылады. Бірінші отырыста 2019 жылға арналған жоба кеңсесінің жұмыс жоспары талқыланды. Департамент басшысы Т.Жұмағұлов, жобалық кеңсенің жетекшісі С.Қадыров мұнда әр сала бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасалынып, мемлекеттік қызметшілермен қатар, қоғамдық бірлестік, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері бірлесіп жұмыс істейтінін жеткізді. Сондай-ақ, кешенді жұмыстар атқарылуы үшін бизнес пен азаматтық сектор мүшелерінен сараптау қоғамдастығы құрылып, мемлекеттік қызмет саласының сандық жүйеге көшірілуі, жемқорлықтың алдын алу шараларын атқаратындығы айтылды.

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Ж.Қаражанов Агенттік төрағасы мен облыс әкімі бекіткен Жарғымен таныстырды. Құжат тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мен азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып келетін үш блоктан тұрады. Біріншісінде әр сала және сот және құқық қорғау, мемлекеттік кіріс органдары басшыларының тікелей жауапкершіліктері айқындалған. Екіншісінде қоғамдық бақылау картасы және интерактивті картасы, мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу, үшіншісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс беру, ақпараттық жұмыс бағыттары белгіленді.

Жарғыға сәйкес жобалық кеңсенің жұмысы 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізіледі, қажет болған жағдайда бұл мерзімнің ұзартылуы қарастырылған. Басшысы болып Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Серік Қадыров бекітілді, қызметкерлері нақтыланды. Әрбір бағыт бойынша жобалық кеңсе топтары құрылады. Оған орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың және басқа да мүдделі тұлғалардың жауапты лауазымды тұлғалары тартылады. Жобалық топтың қызметін үйлестіру мен сүйемелдеу жобалық кеңсенің басшысымен және қызметкерлерімен жүзеге асырылады.

А.Нәжімов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521