Адал қызмет абыройға бастайды

(0 Votes)

Әрбір мемлекеттік қызметші ең алдымен өзінің қызметін адал атқарып, халықтың көңілінен шыға білуі тиіс. Соған қарап атқарушы биліктің жұмысына баға беріледі. Мемлекеттік қызметшілер –билік пен бұқара халықтың арасын жалғайтын алтын көпір. Қарапайым тұрғындардың жергілікті билікке деген сенімі артып, мемлекеттік қызметшілер халық алдындағы жауапкершілік үдесінен шыға білгенде ғана екі арадағы көпірдің баршаға тиімді болатыны ақиқат.

«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» дейді Алаш арысы Әлихан Бөкейхан. Қандай болғанда да, мемлекеттік қызметші Әдеп кодексін оқып, оның нормаларын сақтауы, өзгеден үйренуі және өзгені үйретуі керек. Себебі қазіргі заманның мемлекеттік қызметшілерге деген талабы жоғары. Мемлекеттік қызметші тек білімді ғана емес сонымен қатар жауапкершілігі жоғары, тәжірибелі, әділдік, адалдық, адамгершілік қағидаларын қатаң ұстаған, өз елінің ұлтжанды азаматы болуы қажет. Күрделі кезенде мемлекет алдында тұрған өзекті шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер екенін ескерсек бұл тұрғыда олар басқаларға өзінің ісімен, әділдігімен, қарапайымдылығымен, сабырлылығымен, шыншылдығымен, отансүйгіштігімен үлгі болуы тиіс. Сонда ғана мемлекетіміз алға қойған міндеттер орындалып билік пен халықтың бірлігі нығая түседі.

Жахиен Асхад

Сүйіндік ауылдық округ әкімінің кеңесшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521