Аудандық жас туристер бекетінің ұйымдастыруымен «Өлкетану» үйірме оқушылары арасында халық жазушысы Әбу Сәрсенбаевтың туғанына 120 толуына орай «Өлмес жырдың иесі» атты көркемсөз оқу сайысы өткізілді.
Жырсүйерлер жарысы жас ұрпаққа Әбу Сәрсенбаевтың шығармашылық мұрасын кеңінен таныту, оның әдебиеттегі, ел руханиятындағы орнын ұғындыру, ел мен жерге деген сүйіспеншілікті және ұлттық рухты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Көркемсөз оқудың қорытындысымен Еңбекші жалпы орта мектебінің оқушылары Амангелді Наз (жетекшісі Е.Аминұлы) бірінші, Әкімғалиқызы Жанерке (жетекшісі З.Сабихиев) екінші орынды иеленді. Тағы бір екінші жүлде Ә.Сәрсенбаев атындағы орта мектеп оқушысы Жеңісов Мақсатқа (жетекшісі Н.Тайров) бұйырды. Үшінші орынға лайықталған төрт жүлде Қ.МырзаӘлі атындағы орта мектептен Сулманова Айарудың (жетекшісі Г.Есенбекова), Б.Бегалиев атындағы орта мектептен Еркінұлы Сұлтанның (жетекшісі Г.Утебаева), нұржаулық Сағындыққызы Сымбаттың (жетекшісі Г.Бакешова), ақкөлдік оқушы Қисмет Әлияның (жетекшісі Г.Ербулова) еншісінде кетті.
Абай атындағы орта мектептің оқушылары Елеусін Нұржасар (жетекшісі Н.Бахтыгеерева), Маратұлы Аңсар (жетекшісі Ғ.Жағыппарова), Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушысы Алтай Қолқанат (жетекшісі А.Жұмабайқызы), Манаев атындағы орта мектептің оқушысы Сарбалина Самал (жетекшісі А.Абдуллаев) сайысқа белсенді қатысқандары үшін . Алғыс хаттармен марапатталды.
Гүлімжан СДИХОВА,
аудандық жас туристер бекітінің өлкетану бөлімі меңгерушісі


