Абылай атына лайық сый алды

(0 Votes)

Тілепбергеновтер – Құрманғазы ауданындағы ұлағатты, көргенді әулет.

Әрқайсысы туралы бір-бір роман не повесть жазуға болады. Бұлар өзі, Тілепбергеновтер, Ақшаловтар, Жолжановтар болып келетін елдің аузында жүрген айтулы бәйтерек. Сол бәйтеректен жарып шыққан тал-дарақтар Тәуелсіз мемлекеттің керуен көшіне олжа сала бастады.

Соның бірі – Қыдырсиық немересі Абылай Тілепбергенов ауызға ерте ілікті. Республикалық домбыра сайыстарында талай мәрте бас байрақты ешкімге берген жоқ. Өтепберген Әлімгереев ағамыздың есті сөзі есте қалған: «Отандық домбыра бәсекесі. Жюри құрамында Әзидолла атасы. Абылайға қадалған жанарлар үмітті. Әзекеңнің жиі ойнайтын «Аман бол, шешем, аман бол!» (Құрманғазы) күйін сыңсытпай ма, Абылай! Бір өкініш, бір үміт, қайбір жетісіп жүрген, Құрекең...»

Әзидолла ағаның көзінен мөлт етіп жас тамып кетіпті. Неге? Ғажайып дарынға шын риза пейілі. Тек, бір ғана қағыс кем қалыпты, Өтақаң ағаның айтуынша. Сол Абылай Тілепбергенов бүгінде талай дүлдүлдер сиқырлы таяғын ойнатқан Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында бас дирижер. Жақында ҚР Үкіметінің №812 2018 жылғы 7 желтоқсандағы жастарға арналған «Дарын» сыйлығын беру туралы қаулысына сәйкес, осы марапатқа ие болды. Онда: Абылай Тілепбергенов Жанболатұлы – «Халық шығармашылығы» номинациясы бойынша «Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұстазы» делінген. Абылайдың өз атына лайық барша құрманғазылықтарға ортақ өнер, еңбек, шығармашылық жеңісі құтты болсын!

Т.Дәрелұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521