“Абайлаңыз – балалар!” республикалық акциясы өтуде

(0 Votes)

2025 жылдың 25 тамыз – 10 қыркүйек аралығында Атырау ст.ЖПб-нің қызмет көрсету  объектілерінде көліктегі ішкі істер органдарының барлық күштері мен құралдарын жұмылдыра отырып, “Абайлаңыз – балалар!”республикалық акциясы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды ескерту және алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу.

Сондай-ақ, сағат 23:00 ден 06:00-ге дейін заңды өкілінің, ата анасының қадағалауынсыз жасөспірімдердің түнгі уақытта үй жайдан тыс жерде жүрмеу керек екендігі ескертеді. Атырау станциясы желілік полиция бөліміне  қарасты қызмет атқару аймағында қадағалаусыз жүрген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді анықтаған жағдайда,  ата-аналары ҚР ӘҚБтК 442 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ескертіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT