Абай мектебінде ұлы ақынға арналған ескерткіш тақта ашылды

(1 Vote)

Ғасырдан астам тарихы бар Абай жалпы орта мектебінде аудандық мәслихат депутаттарының бастамасымен ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай әдеби шығармашылығына арналған мектеп дәлізінде ескерткіш тақта ашылды.

Оған қатысқан аталмыш білім ошағының түлегі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов, аудан әкімі Қайрат Нұртаев Үкіметтің Қаулысымен бекітілген Абай күнінің маңызы, оның терең ойлары мен шығармашылығы жөнінде парасатты ой өрбітіп, өскелең жас ұрпақтың санасына Алаштың алыбының ізгілік тәмсілін сіңіру арқылы ұлт келешегі кемелдене түсетіндігіне тоқталды. Иә, расымен де қазақтың Абайсыз күні қараң. Оны Абай күніне орай республикалық басылымдарда жарық көрген Мемлекет Басшысының «Абай-рухани реформатор» деген мақаласында да айтылды. Президент те былайдепті, «Абай халықты той тойлауғаемес, еңбек етуге, рухани кемелденуге шақырды. Абайдың ұлағаты әлі күнге дейін маңызын да, құндылығын да жоғалтқан жоқ. Сондықтан біз оның терең ойларына, келешектің келбетіне үңілген көрегендігіне таңырқаудан жалыққан емеспіз. Абай ілімі бүгінгі бірқатар бағыттарға орайлас келеді» деген жолдардың мағынасы терең.

img_2975

Аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов кемеңгердің мерейлі датасына орай жыл басынан бері депутаттардың бастамасымен қолға алынған игі істерді саралап, мектеп дәлізіне орнатылған ескерткіш тақта жүзеге асқан шаралардың бір парасы екендігін тілге тиек етті.

img_2984

img_2986

Шарада данышпанның өлеңдері оқылып, Абай әндері шырқалды. Ескерткіш тақтадағы ақын шығармашылығы бойынша орналастырылған QR код бойынша таныстыру үшін мектеп мұғалімі Баян Уалиева сөз алды. Қай мемлекет болса да, өзінің идеялық темірқазығы болатын тұлғаларын құрметтеп, оның ұлық болмысын халқына үлгі етері хақ. Қазақ елі үшін сондай ерекше қадір тұтар қастерлілердің бірегейі − Абай Құнанбайұлы. Өркениетті елге айналамыз десек, хакімнің айтқандарын үлгі тұтып, бүгінде іс жүзінде жүзеге асыруымыз қажет.

img_2978

Тағылымды шара соңында мектеп директорының міндетін атқарушы Руслан Сахаев сенатордың түлеп ұшқан білім ошағына деген ерекше қамқорлығы үшін ұстаздар мен оқушылар атынан зор ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.

img_2992

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521