banner_damu

Ақындар айтысы өз мәресіне жетті

(0 Votes)
Қорытынды айтысқа қатысқан ақындар сахна төріне шақырылып, жүлделі орындар аталды. Алдымен аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев Құрманғазы ауданының 90 жылдық мерейтойына орай төсбелгісін барлық қатысушы ақындардың өңірлеріне қадады. Атыраудан арнайы келген қонақ, Қазақстанның Құрметті журналисі, өлкетанушы, жерлесіміз Өтепберген Әлімгереев ауданның тарихы әріден басталатынын сөз етіп, жыр додасынан алған әсерімен бөлісіп, айтысқа өзінің жоғары бағасын берді. Қатысушы ақындарға Рахмет Иманғалиев, Қисым және Дүйсенғали Ғұмаров, Кәрім Қисамеденов, Өмірзақ Қажымғалиев атындағы арнайы жүлделер табысталды. Жүлделі ІІІ орын маңғыстаулық Абай Жолмағамбетов пен Құрманғазы ауданы атынан қатысушы Нұрбейбіт Нұғымановқа бұйырды. Оларға қазылар алқасының мүшесі Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Есмұхан Жанизин 150 000 теңгенің ақшалай сертификаты мен дипломын ұсынды. ІІ орынды Батыс Қазақстан облысының тумасы Талғат Мықи иеленді. Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Жұмақай Ғұмаров жүлдегерге 200 000 теңгенің сертификатын тапсырды. Ал І орынды атыраулық Шалқарбай Ізбасаров жеңіп алды. Жеңімпазды қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан Журналистер, жазушылар одақтарының мүшесі Таңатар Дәрелов 300 000 теңгенің сертификатымен марапаттады. А.Шакупова

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика