banner_damu

Ақсақалдар айтпады деп жүрмесін

(0 Votes)

Ардагерлер үйінде аудан әкімі Қайрат Нұртаев еңбек ардагерлерімен, қоғамдық ұйымдар өкілдерімен дастархан басында жүздесіп, аға буынның ақыл-кеңесіне құлақ түрді.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев ұйымның жыл ішінде атқарған жұмыстарымен таныстырды. Академик-жазушы Өмірзақ Қажымғалиев Елбасының «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын жүзеге асыруда, ұлттық сананы қалыптастыруда ардагерлерге үлкен міндет жүктеліп отырғанын қаперге берді. – Жер-су атауларын ұлттық, қазақи нақыштарға бағыт беріп өзгертуде кемшіліктер кетіп жатыр. Көптеген игі жақсыларымыздың есімдері осындай мәртебеге ие болмай келеді. Өлкеміздің құнды құпиясы тарихтың қалың қатпарында қалып зерттелмей жатқан тұстары көп.

Осы тұста сөз алған аудан әкімі Қайрат Талапұлы қызметке тағайындалған бойда қолға алған істерге тоқталды. – Орталық базарда болдым, автотұрақтарда берекетсіздік басым. Бір бағыттық қозғалыс болуы керек, сол мақсатта базар басшыларына қосымша есік ашуды тапсырдым. Жайық-Каспий бассейні инспекциясы басшысымен кездесіп, ауылдың сол маңдағы бөгетін ығыстырудың рұқсаты алынды, бұрынғы бөгетті қосалқы автокөлік жолы етпекпіз.

Бұдан басқа Қ.Жармұханбетов А.Күзембаев, Ш.Жәлелов, С.Рахимов, А.Тәкешов, Ж.Құрманғалиева, Ж.Ғұмаровтар сөз алып өз ойларын ортаға тастады.

А.НӘЖІМОВ.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика