Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округі аумағында енгізілген шектеу шаралары туралы 6 маусым 2020 жылғы № 4 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар туралы .
Мен Құрманғазы ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Утаров Карл Камидоллаевич «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13 –тармағының 4 тармақшасына және 148 бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 22 мамыр 2020 жылғы №37 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулысына сай Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округінде коронавирус инфекциясынан қолайсыз эпидемиологиялық ахуалының тұрақсыздығына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Аққөл ауылдық округі аумағында эпидемиологиялық ахуал толықтай тұрақтанғанға дейін карантин режимі 2020 жылдың 4 шілде сағат 7:00-ге дейін созылсын:
1.Ауылдық округ әкіміне, полиция бөліміне, аудандық орталық ауруханаға:
1) Ақкөл ауылына кіре беріс жолдар бойынан карантиндік-тексеру пункті тәулік бойы жұмысын жалғастырсын.
2.Аудандық орталық аурухана басшысы:
1. Денсаулық сақтау ұйымдарында санитарлық дезинфекция және эпидемияға қарсы режимін қатаң сақталуын қамтамасыз етсін;
2. Медициналық персоналдардың іс-әрекеттерін қарау, тасымалдау, ошақтарда жұмыс істеу, ауруханаға жатқызу, емдеу және науқастарды күтуге байланысты персоналдарды жоғарғы дәрежеде қорғаныш құралдарымен тиісті деңгейде қамтамасыз етсін;
3.Қашықтықтан қызмет көрсету форматында алғашқы медициналық санитариялық көмек ұйымдарының дәрігерлерді қабылдауын, сондай-ақ онлайн режимінде немесе рецептерді үйіне жеткізу қамтамасыз етілсін;
4. Жедел респираторлық вирустық инфекциямен және жоғары температурамен түскен пациенттерді бөлек қабылдауды қамтамасыз етсін;
5. Карантиндік стационарда персоналдың қорғану шараларын сақтауды қамтамасыз етсін.
6. Пайдаланылған жеке қорғаныш құралдарын жинақтауды және жоюды орталықтандырсын;
3. Құрманғазы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы :
1. Карантиндегі стацинонарлар мен обьектілерде санитариялық дезинфекциялау режимінің сақталуын бақылауды күшейту;
2. Бекітілген аумақта, халықтың жаппай жиналатын обьектілерінде санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс шаралардың орындалуын бақылау ;
4. Осы қаулы барлық мүдделі ведмостваларға жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін;
5. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті.
6. Осы қаулының орындалуын өзіме қалдырамын.
7. Осы ҚАУЛЫ қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Құрманғазы ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері К.К.Утаров