Ақкөл ауылында құрылыс жұмыстары жалғасуда

(0 Votes)

2018 жылы  Құрманғазы ауданының Ақкөл ауылында жаяу жүргінші жолдары бар ауыл ішілік жолды реконструкциялау жұмыстарына жоба жасақталып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталды. 2020 жылы қаражат бөлінбеуіне байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап тұрды.

Қазіргі таңда қаражат бөлініп, жұмыстар жалғасуда. Мердігер мекеме «БекетСәтЖол» ЖШС,  тапсырыс беруші Құрманғазы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль және тұрғын үй инспекциясы бөлімі.

Жоба бойынша қарастырылған 8 шақырым жаяу жүргіншілер жолының қазіргі таңда 3,3 шақырымы төселген. Жобаға сәйкес, жаяу жүргіншілер жолы құрылысына 15 см құм қиыршық тас қоспасы (ПГС), 4 см асфальт салынуы қажет.

Құрылыс жұмыстары толықтай жобаға сәйкес жасалуда. Қазіргі уақытта ауа-райының қолайлы болуына (+6,+8) байланысты құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Жұмыс өндірісінде қолданылатын материал сапасы мен ауа-райы жағдайында пайдалану мүмкіндігін растайтын тиісті сертификаттар мен жол зертханасының  қорытындылары бар.

Сонымен қатар, жол тапсырылғаннан кейін мердігер мекеме оның сапасына қатысты 24 ай кепілдік мерзім береді. Аудан әкімдігі бұл жұмыстарды тұрақты түрде бақылауда ұстап отыр" делінген Құрманғазы ауданы әкімдігі таратқан мәліметте.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521