7 т. картоп, 1т. пияз, 1 т. қызылша қорға жиналды

(0 Votes)

Аты жаман аурудың дүние жүзіне таралуына орай біздің қоғамда да дүрлігу болып жатыр.

Негізсіз үрейге бой алдырған жұрт дүкендердегі азық-түліктерді таласа-тармаса сатып алуда. Сұраныс артқан сайын нарықтың талабына сәйкес кейбір азық-түлік тауарларының бағасы қымбаттады. Бұл дүрлігу қашанға дейін созылады деген ойда қаласың. Кімді кінәлайтыныңды да білмейсің. Азық-түлік таусылады деп алаңдасаң, әрі кеткенде 7 күнге жетерлік азық сатып ал. Сенен көрген басқалар да солай жасайтыны анық. Әйтпесе, үрей туғызу жалғаса береді. Кез келген мемлекет халқын қиын жағдайға қалдырмайды. Сондықтан жасанды тапшылық жасаудың қажеті жоқ.

kartop1

Бұл бағытта аудан әкімі жанынан құрылған төтенше жағдайға байланысты құрылған штаб қызу жұмыстануда. Бүгін ғана атыраулық белгілі кәсіпкер В.Розметовтен 7 т. картоп, 1т. пияз, 1 т. қызылша әкелінді. Қорға жиналған ауыл шаруашылық өнімдері жергілікті кәсіпкер Ақылбек Қайсағалиевтің «Мерей» дүкенінің қоймасына түсірілді. Алдағы уақытта бұл сауда нүктелеріне сатылымға шығады.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521