60 пәтерлік үшінші тұрғын үй шілде айында пайдалануға беріледі

(0 Votes)

Осыған орай Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңнамасында ең алдымен баспанаға мұқтаж азаматтардың есебіне қоюға қатысты нормалар қарастырылып, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет арқылы тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды, тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіледі.

Мемлекет осыған қатысты көп азаматтарға жеңілдіктер қарастырған. Мұны біреу білсе, біреу білмей жатады. Сонымен «мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үйді кімдер ала алады? Кезекке қалай тұруға болады?» деген сұрақтар бойынша жауап берейік.

Алдымен өтініш беруші кезекке қою үшін тиісті елдімекенде тұруы шарт. Коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алатын баспаналар келесі санаттарға жататын Қазақстан Республикасының баспанаға мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтарына беріледі:

- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;

- Жетім балаларға, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға;

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне немесе бұрын «Батыр ана» тағын алған көпбалалы аналарға, сондай-ақ І және ІІ деңгейдегі «Ана даңқы» орденімен марапатталғандарға, көпбалалы отбасыларға. Аталған санаттағы азаматтардың орташа айлық жиынтық кірісі баспана беру туралы өтінім жасар алдындағы он екі айда отбасынан әрбір мүшесіне шаққанда республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 реттік мөлшерінен аз болуы тиіс;

- Мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке үміткерлерге, ғарышкерлерге және мемлекеттік сайланбалы қызметті атқарып жүрген тұлғаларға;

- Жалғыс баспанасы ҚР заңнамасында бекітілген тәртіппен апаттық деп танылған азаматтарға.

Қазіргі таңда тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды, тұрғын үй есебіне тіркеу екі тәсілмен жүргізіледі. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы және «Е.gov» порталында онлайн тапсыруға болады. Ол үшін электронды үкімет порталына өтіп, қажет құжаттарды тіркеп, ЭЦК арқылы қол қою қажет.

Кезекке тұратындарды есепке алудың біріңғай ұлттық «Нұр Баспана» жүйесі 2020 жылдың қаңтар айында пайдалануға берілді. Баспанаға мұқтаждығын және кезекке тұратындардың кірісін анықтау үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған.

Жүйе кезектегілердің есебін ашық жүргізуге, есепке қоюды және алуды, баспананы түгендеуді және бөлуді оңтайландыруға және автоматтандыруға, азаматтар өткізетін құжаттар санын және баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке қою мерзімін қысқартуға, сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға мүмкіндік береді.

«Нұр баспана» жүйесі арқылы орталықтандырылған жүйеде мәліметтер қаралып, кезекке қоюға түседі.

Тұрғындардан түскен өтініш «Нұр баспана» жүйесінде он бес күн ішінде қаралып электронды хабарлама түрінде мақұлданғандығы немесе мақұлданбағандығы жөнінде хабарлама жіберіледі.

Баспанаға мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарды үймен қамтамасыз ету 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы және жергілікті деңгейде қабылданған бағдарламалар аясында іске асырылуда. Атап айтқанда, «Отбасы тұрғын үй жинақ банкі» арқылы «Бақытты отбасы», «Шаңырақ» бағдарламалары тұрғындарды аз пайызбен тұрғын үймен қамту жұмыстарын жүргізуде.

2021 жылы І жартыжылдығында аудандық тұрғын үй комиссиясының 3 отырысы өтті (16.02.2021ж., 9.03.2021ж., 30.04.2021ж.). Комиссияға 24 өтініш түсіп қаралды.

2021 жылдың жағдайымен аудан бойынша 991 адам (отбасы) тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде:

- Әлеуметтік осал топ – 428;

- Көп балалы отбасы – 147;

- Бюджет сала қызметкерлері – 259;

- Жалғыз тұрғын үйлері авариялық жағдайда деп танылған – 18;

- Жетім, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар – 139.

Сонымен қатар, Кадырка ауылындағы Астана көшесі 22 үй мекен жайы бойынша орналасқан 60 пәтерлік тұрғын үйдін қоныстанушылардың тізімідері жасақталып, тұрғын үйге қоныстану жөнінде тұрғын үй комиссиясының шешімдері шығарылды.

Биылғы жылы Еңбекші ауылдық округіне қарасты, Кадырка ауылында 3 қатарлы 60 пәтерлік үшінші тұрғын үйдің құрылысы биылғы жылдың шілде айында аяқталып пайдалануға беріледі.

Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі,

автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлім басшысының міндетін атқарушы Р.Сиражев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521